08.07.2026, 17:53
Жаңалықтар
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
Қазір оның ісі сотқа жолданды
Фото: Видеодан скрин
Желіде қазақстандық белгілі спортшының көпшілік алдында балағат сөздер айтқан видеосы тарап, үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
Жиналған материалдар сотқа жолданды.
«Полиция айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құқықтық тәртіп – мәдениетті мінез-құлық пен өзара сыйластықтан басталады», – делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)