ШұғылПавлодарда бір тәулікте 100-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаяны Американың MTV арнасында көрсетілді

Аталмыш телеарна тұңғыш рет қазақ тіліндегі клипті көрермен назарына ұсынды

Фото: dimashnews.com

Отандасымыз Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны америкалық MTV USA арнасында көрсетілді. Осылайша, ол аталмыш  телеарнада қазақша клипі көрсетілген тұңғыш қазақ әншісі атанды.

Әншінің «Qairan Elim» әнінің бейнебаяны MTV арнасының YouTube-парақшасында соңғы кездегі ең көп қаралым жинаған видеоға айналды.

Ал  Димаштың өзі тыңдармандары мен жанкүйерлеріне айрықша ықыласы үшін алғысын білдірді.

«Мен өз тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі жанкүйерлерімнің қолдауына ризамын. Құрметім мен алғысым шексіз», – деді ол.