$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қартайыпты ғой»: Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті елді таңғалдырды

Сурет әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

«Қартайыпты ғой»: Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті елді таңғалдырды
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Белгілі әзілкеш пен шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«The Voice Қазақстан» жаңа маусымы басталады

Продюсер Гүлім Еркін өзінің Instagram парақшасында көптен күткен музыкалық жоба – «The Voice Қазақстан» жаңа маусымының басталатынын хабарлады.

«11 қазаннан бастап сағат 20:00-де «The Voice Қазақстан»! Әрқашан Хабарда болайық!», – деп жазды продюсер.

Жарияланған суреттердің бірінде көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та бой көрсетті.

Желі қолданушыларының реакциясы

Көптен бері көпшілік алдында көрінбеген Қабатовтың бейнесі бірден назар аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:

  •  «Тұрсынбекке не болған?»
  • «Қартайыпты ғой»
  •  «Ауырып жүр деп еді, қиын болыпты»
  •  «Бұрынғыдай емес…» деген пікір жазды.

Кейбірі оның денсаулығына алаңдаушылық білдірсе, енді бір бөлігі ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен әзілкештің қайта оралуын қуанышпен қабылдады.

Контекст

Тұрсынбек Қабатов – Қазақстандағы ең танымал әзілкештердің бірі, «Әзіл әлемі» жобасының негізін қалаушылардың қатарында. Айта кетейік, осыған дейін әзілкештің екінші әйел алып, бөлек отбасылы болғаны туралы ел аузында алып-қашпа сөз тараған болатын.Осыдан бірнеше жыл Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына қарсы екенін айтқан болатын. Ал әзілкеш жеке концертінде отбасына қатысты тараған сыбысты меңзей отырып, шындықты кейін айтып беретінін мәлімдеді

Бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан бөтен еркекпен түскен видеосын жариялады. Сонымен қатар ол отбасындағы құпия сыртқа шығып кеткені туралы айтты. Оған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған еді. Қабатов тоқал алды деген сыбыс тарағаннан кейін заңды некедегі жұбайы Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы шықты. Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова жас әншімен бейнебаян түсірді.

Ал продюсер Баян Алагөзованың «Алтын Ханым» атты шоуын жүргізген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тікелей эфирде сөзін ұмытып, ұятқа қалды.

Серіктес жаңалықтары