«Қабатовтың тоқал алғаны рас па?»: желіде Мөлдір Мұқанованың жылаған сәті жарияланды
Желіде тараған видео жұрт түрлі пікір білдірді
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тоқал алды деген сыбыс тарағаннан кейін заңды некедегі жұбайы Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде Мөлдір Мұқанованың түсірілімдердің бірінен кейін жылаған видеосы жарияланды.
«Сахнада – күлімдеген бейне. Камера сыртында – көз жасына тұнған шындық. Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес... Бұл – жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана», - деп жазды желіде.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Қабатов тоқал алған ба?», «Тұрсынбектен ондайды күтпеп едім», «Әйелдің бейнесі шыдағанымен, жүрегі мықты емес!», «Тұрсынбек бәрріне сахнада ақыл айтып жүріп, өзіне ақыл жетпей қалған ба», «Не үшін жылайды деп ойлайсыз? Еңбегінің зая кеткеніне, сенген еркегі сенімін ақтамағанға жылайды», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тарағаны хабарланған болатын.