$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2025, 11:30
AR trend

«Бүгінгі қонағым – өгей әкем»: Айсәуле Бақытбек анасының екінші күйеуінен сұхбат алды

Жуырда Айсәуле Бақытбектің қайын атасы өмірден озған еді 

«Бүгінгі қонағым – өгей әкем»: Айсәуле Бақытбек анасының екінші күйеуінен сұхбат алды
Фото: скриншот

Актриса Айсәуле Бақытбек youtube-тағы «Сырласу» жобасына өзінің өгей әкесі Тұрсын Алагөзовті қонаққа шақырып, оның бизнес-жобаларына пиар жасаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі қонағым – өгей әкем Тұрсын Алагөзов, Тұрсын аға. Маған сұхбат беруге келіскеніңіз үшін көп рақмет», - дейді Айсәуле Бақытбек.

Тұрсын Алагөзов болса өгей қызы оның кеңсесіне келіп сұхбат алып отырғанын айтып, «бүгін біз бір-бірімізге қонақпыз» дейді.

100 пәтердің жыры 

Айта кетейік, биыл көктемде Тұрсын Алагөзов бір компаниясындағы 100 қызметкеріне тегін пәтер бергені қоғамда қызу талқыланған еді. Кейін оның экс-әйелі Ляйсара Марат экс-күйеуінің жақында өткен қайырымдылық акциясы – 100 қызметкеріне пәтер сыйлағанына қатысты пікір білдіріп, бұл әрекеттің шынайы себебі басқа екенін айтқан еді. 

Айсәуле Бақытбектің отбасы ауыр қазаға душар болды

Бір айдам астам уақыт бұрын блогер әрі актриса Айсәуле Бақытбектің қайын атасы Ербол Қайдаров көз жұмғанын хабарлаған еді. Ол - Қазақстандағы белгілі онколог-дәрігер, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарованың жолдасы.

 

Серіктес жаңалықтары