«Жұлдызға неге осылай жазбайды?»: Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтады
Ол әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба қалдырды

Белгілі продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова екінші келінін туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Туған күнің құтты болсын, жаным! Алла бақ берсін! Біздің шаңырағымызға нұрын шашқан күн болып кірдің. Бүкіл отбасымыз, бүкіл ағайын сені осы қалпыңда қатты құрметтейтінін, жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Үлкен әулетті отбасы болып, ата-ана разылығын алып, өмірлік жарыңның мәңгілік махаббатына бөленіп, ұл-қызыңның бақытына амандығыңмен қуантып, 100 жасқа жет!» – деп жазды Айдарбекова.
Әлеуметтік желідегі реакция
Желі қолданушылары продюсердің құттықтауын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды:
- «Осындай мейірімді, жүрегі таза келін бізге де келе берсін»;
- «Өте ақылды келін, бір сүйкімді. Гүлзира ханым да өте тамаша ене. Бақытты отбасы болыңыздар»;
- «Неге Жұлдызға осындай тілек жазбайды екен?» – деп жазды пікір білдірушілер.
Контекст
Айта кетсек, қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына қатаң ескерту жасады. Оған дейін Әнші Қайрат Нұртас інісі екеуі жеке бренд өнімін шығара бастаған анасын құттықтап, оған тосын сый ұйымдастырды. Сондай-ақ биыл биыл туған күнін әдеттегідей дүркіретіп өткізбей, демалысқа арнауды жөн көрген. Продюсер бұған дейін «Taboo» бағдарламасына сұхбат беріп, көпшілік жиі салыстыратын үш келіні туралы пікір білдірген еді және келініне көмектескен ұлы Аян Нұртасты әзілдеп сынға алып, «подкаблучник» деп атаған болатын. Сонымен қатар ол жылы қабақпен қарсы алған келініне ризашылығын білдірді. Продюсер Гүлзира Айдарбекова 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылған келініне қатысты пікір білдірді.