$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біреуді өсектегенше…»: Гүлзира Айдарбекова өзіне айтылған сынға жауап берді

Оқырмандарына қатаң ескерту жасады

«Біреуді өсектегенше…»: Гүлзира Айдарбекова өзіне айтылған сынға жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына қатаң ескерту жасады. Ол отбасылық мәселелерді көпшіліктің талқысына салмауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Өсек айтқанша, өз өміріңізге қараңыз»

Айдарбекованың айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның жеке өмірі мен отбасысына байланысты орынсыз сұрақтар қойып, түрлі болжам жасайды.

«Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар бар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым – өз өмірлеріңізге мән беріңіздер», – деп жазды продюсер Instagram парағында.

Желіде қызу талқыланған мәселе

Қоғамдық пікірге түрткі болған жайт – Гүлзира Айдарбекованың келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнінде құттықтамағаны. Осыны байқаған оқырмандар әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдырып, кейбірі сын айтқан.

  • Бір бөлігі Айдарбекованың үнсіздігін түсініспеушілік деп қабылдаса,
  • Енді біреулер оның жеке құқығын құрметтеу керектігін айтты.

Контекст

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанды. Ал әншінің анасы ұлының костюмін тегін сыйға беретінін айтты. Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі жоқта гендер пати жасағанын желіде жазды.

 

Серіктес жаңалықтары