$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайрат Нұртастың әйелі бесінші сәбиін босанды (ВИДЕО)

Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиімен түскен видеосын жариялады

Қайрат Нұртастың әйелі бесінші сәбиін босанды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жұбайы желіде сәбиімен түскен видеосын жариялады.

«Жаңа тынысым», – деп қысқаша жазба қалдырды.

Желі қолданушылары әншінің әйелін құттықтап, түрлі пікір қалдырды.

«Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын, дара, дана, танымал тұлға болсын!», «Мәәә, елдің әйелдері толғақтарын салып, перзентханада жүргендерін салып қоймайды, сіз болса үндемей осылай шығып алдыңыз», «Бесік бауы берік болсын! Аман-есен өсіп кетсін!» – деп жұрт тілектерін білдірді.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда төрт баласымен бірге болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін Gender party өткізгені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары