$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2025, 09:57
AR trend

«Мен жоқта «гендер пати» өтіпті»: Қайрат Нұртас өз парақшасында әйелінің әрекетін меңзеді

Ол жұмыстан кеш келгенін айтқан

«Мен жоқта «гендер пати» өтіпті»: Қайрат Нұртас өз парақшасында әйелінің әрекетін меңзеді
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі жоқта гендер пати жасағанын желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмыстан кеш қайтып едім, мен жоқта «гендер пати» кеші өтіп, шамдар жанып, қызық болыпты, байқадым», - деп жазды әнші.

Жұлдыз Әбдікәрімова осыған дейін төрт баласымен бірге болашақ сәбиінің жынысын анықтайтын кеш өткізді. Олар баланың жынысын мейрамханада бәліш тістеп білген еді.

Әншінің кей оқырманы оны сөксе, кейбірі қолдапты.

«Текті жердің баласы ғой. Жұлдыздың шыдамдылығы мықты екен, екінің бірінің қолынан келмейді. Күйеуі айлап қасында болмай, жастықтың талай қызықты сәттерін жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Қайрат, жас келеді, сол кезде «ай, әттеген-ай» деп өкінетін кездерің болады. Отбасында жиі болуға тырысшы. Қу дүние кімге қалмаған, отбасы әрқашан бірінші орында болуы керек. Жұлдыз сонда да сабырлы екен. Бақытты болыңдар», - деп жазған олар.

Серіктес жаңалықтары