«Байлықтың иісі, менің энергиям бар»: Қайрат Нұртастың анасы кәсіпке бет бұрды
Өнім тек 5 мың данамен шығады

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова «ГүлЗира» деген сусабынын шығарды. Ол бұл өнім өзгелерден қалай ерекшеленетінін де жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халқым, ал айтайын сіздерге, 20 жылдағы шығарған алғашқы өнімім, алғашқы эфирім. Сусабын саны 5000 дана ғана. Бұдан басқа өндірмеймін, қадір-қасиетімді кетіріп шығарып қайта-қайта сатып отырмаймын. Қазақстанда тек 5000 адамның ғана қолында болатын «чудо-сусабын». 20 жылда жасаған алғашқы эфирімді барлықтарыңыз кіріп, қолдайсыздар деп ойлаймын», - деп жазды ол.
Продюсер бұл сусабынның иісі бөлек дейді.
«Бұл жай өнім емес. Бұл сусабында байлықтың иісі, менің энергиям, менің 20 жылдық арманымның жемісі. Қайраттай ұлды дүниеге әкелдім. Алтын құрсақты ананың еңбегі бар. Бағасынан сапасы, құндылығы жоғары өнім», - дейді Айдарбекова.