$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2025, 12:24
AR trend

Джей Лоның Алматыдағы концерті: шегірткемен болған оқиғаны әлемдік БАҚ жарыса жазды

Әншінің үстіне шыққан шегіртке әлемдік БАҚ-та еліміздің атын шығарды

Джей Лоның Алматыдағы концерті: шегірткемен болған оқиғаны әлемдік БАҚ жарыса жазды
Фото: видеодан скриншот

10 тамызда әлемдік әнші Дженнифер Лопес Алматыда Қазақстандағы екінші концертін берді. Концертте ән айтып тұрған жұлдыздың үстіне шығып алған шегіртке әлемдік медианың жаңалықтарына арқау болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Entertainment Weekly 56 жастағы әнші Қазақстанда ерекше жағдайға тап болғанын жазған.

«Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Лопес көрермендерге жымиып тұрғанда, шегіртке оның қара түсті мөлдір көйлегіне өрмелеп, терісіне жеткені көрінеді. Әрдайым сахнада кәсіби қалпын сақтайтын жұлдыз сабырлы түрде жәндікті қолымен ұстап, сахнаның екінші жағына лақтырып жіберді», - деп жазған олар.

People.com болса, сол сәтті бейнелеген видеоны бөлісіп, Лопестің абыройын сақтағанын, оның кәсібилігі мен әзілмен қабылдауын жоғары бағалады.

LOS40  болса «шегіртке мойынға өрмелесе де, бұл концертті тоқтатуға себеп бола алмады» деген тақырыппен жазған. Оқиғаны байқамай қалғандай, шегірткені қолына алып, сахна сыртына лақтырғанын, осылайша оқиғаны әзілге айналдырғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ әншінің Қазақстандағы концерті жайлы испан тілінде де бірнеше мақала жарық көрген. Олардың барлығы Дженнифер Лопестің кәсібилігі мен сабырлығын ерекше атап өткен.

Серіктес жаңалықтары