$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды – актер

Ол балалардың жақын араласатын күні де туар деген сенімде

Екі некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды – актер
Фото: видеодан скриншот

Белгілі актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі ең үлкен өкінішінің бірін бөлісті. Ол бірінші некеден туған балалары мен екінші некеден туған балаларының өзара араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Бір өкінішім, бірінші некеден туған балаларым мен екінші некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалықтан туған эгоизм бар шығар, қызғаныш та болады. Араласпай-ақ қояйықшы дейді. Оған уақыт керек, уақыт емші», – деді актер.

Үміт үзбеген әке

Рахман Омар асаба ретінде талай отбасылардың қайта табысқанына куә болғанын жеткізді. Оның айтуынша, уақыт өткен сайын балалардың арасындағы кикілжің басылып, жақын араласатын күн де туар деген сенімі бар.

«Біз сияқты араласпай жүріп, кейін қайта табысқан талай отбасыны білемін. Сондықтан үмітімді үзбеймін», – дейді ол.

Актердің айтуынша, тұңғыш ұлы жуырда үйленіп, өз шаңырағын көтерген. Қазір ол 28 жаста.

Серіктес жаңалықтары