$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2025, 13:45
AR trend

Трамп Ақ үйдегі кездесуге Илон Маскті шақырмай қойған

АҚШ-тың технологиядағы иганттары Ақ үйде бас қосқан

Трамп Ақ үйдегі кездесуге Илон Маскті шақырмай қойған
Фото: Euronews

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде технология саласындағы ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Алайда тізімде Tesla, SpaceX және X компанияларының басшысы Илон Маск болған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге Meta жетекшісі Марк Цукерберг, Apple басшысы Тим Кук, Google (Alphabet) директоры Сундар Пичаи, Microsoft басшысы Сатья Наделла, сондай-ақ OpenAI атқарушы директоры Сэм Альтман қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға IBM басшысы Арвинд Кришна, Code.org президенті Кэмерон Уилсон, Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс, Google негізін қалаушы Сергей Брин, Oracle жетекшісі Сафра Кац, Blue Origin басшысы Дэвид Лимп, Micron CEO Санджай Мехротра, Palantir басшысы Шьям Санкар және Scale AI негізін қалаушы Александр Ван шақырылған.

Илон Маск кезінде Трамптың жақын серіктесі болғанымен, олардың қарым-қатынасы биыл жылдың басында ушығып кеткен.

Маск Трамптың «Үлкен әрі әдемі заң жобасын» «ақымақтық» деп атап, оның мемлекеттік шығындар мен қарызды арттыратынын айтқан.

Кейін ол Трампты Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды жасыруға тырысты деп айыптады.

Саяси қайшылықтардан кейін Маск Ақ үйдегі жоғары деңгейдегі жиыннан тыс қалды.

Кездесу барысында Трамп компания жетекшілерінен АҚШ экономикасына қанша қаржы құятынын сұрады. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ел экономикасына мына компаниялар:

  • Meta – 600 млрд доллар
  • Apple – 600 млрд доллар
  • Google (Alphabet) – 250 млрд доллар
  • Microsoft – 80 млрд доллар ақша құятын болған.

Трамп бұл сомаларға риза болып, кәсіпкерлерге жылы қабақ танытқан көрінеді. 

Серіктес жаңалықтары