$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Келіндерім өсектің астында жүреді, бірақ оларға өмірлік нандарын ұстаттым»: Гүлзира Айдарбекова үш келіні туралы айтты

Ол көп адам танымал болу үшін ақша төлеп жүретінін, ал келіндеріне оның қажет емес екенін жеткізді

«Келіндерім өсектің астында жүреді, бірақ оларға өмірлік нандарын ұстаттым»: Гүлзира Айдарбекова үш келіні туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова «Taboo» бағдарламасына сұхбат беріп, көпшілік жиі салыстыратын үш келіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бағдарлама жүргізушісі «Сіздің келіндеріңізді бір-бірімен жиі салыстырып жатады. Бұл туралы не айтасыз?» деп сұрақ қойды.

Оған жауап ретінде Гүлзира Айдарбекова келіндеріне өсектің астында қалатынын үнемі айтып жүретінін жеткізді.

«Келіндеріме үнемі айтамын: сендер енді өсектің астындасыңдар. Өйткені маңдайларыңа Гүлзираның келіні деген мөр басылған. Ажырасып кетсе де, «Гүлзираның келіні ажырасып кетті» деп жазады. Бүкіл Қазақстан келіндерім мен немерелерімді таниды. Оларға да оңай емес. Бірақ, бір жағынан, жақсы. Мен оларға өмірлік нандарын ұстаттым деп ойлаймын. Олар еңбекпен келген абыройдың арқасында танымал болып, өздерін жарнамалап, аудитория жинады. Ал көп адам танымал болу үшін ақша төлеп жүреді ғой. Біздің келіндерге ол қажет емес», – деді Айдарбекова.

Серіктес жаңалықтары