Баян Алагөзова күйеу баласына жылы лебізін білдірді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Әлішер Қайдаровты туған күнімен құттықтады

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде күйеу баласына жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айсәуле Бақытбектің жолдасына арналған құттықтау

Танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Алагөзова әлеуметтік желіде күйеу баласы Әлішер Қайдаровты туған күнімен құттықтады. Ол қызы Айсәуле Бақытбек жариялаған жазбаға қосылып, зятын ерекше құрметпен атап өтті.

Айсәуле Instagram парақшасында күйеуіне арналған фото мен торт суретін бөлісіп: «Туған күніңмен, махаббатым!» деп жазды.

Ал Баян ханым құттықтауын мынадай жүрекжарды тілектермен жеткізді.

«Әліш балам, туған күніңмен! Сен – ең жақсы күйеу баласың. Қалағаның орындалып, денің сау, өмірің бақытты болсын. Ең бастысы – қызым сенің қасында ең бақытты!»

Контекст

Әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Мақсатқызының қыздары – Айсәуле мен Айару Бақытбек түскен бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды. Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек АҚШ-тағы беделді оқу орындарының бірі – Калифорния университетінің бакалавриатын аяқтап, дипломын алды. Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызының екінші қызы — Айару Бақытбекке қымбат көлік сыйлады. Продюсер Баян Алагөзова жаңа фильм түсіру үшін Екібастұздан Павлодарға келді.  Ол желідегі оқырмандарына болашақ фильмнің сахнасынан тыс не болып жатқанын көрсетті. Ол Екібастұзға сапар кезінде жол бойындағы жағдайға қатысты өз ойын Instagram парақшасында бөлісті. Оған дейін Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызынан қандай «зәбір» көргенін айтып, шағымданған еді. Сонымен қатар шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында мәдениет пен тіл мәселесіне қатысты пікір қайшылығы болды. Ол бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ара қатынасы туралы сөз қозғады және бұрынғы күйеуінің ұрған сәтінесіне алды. Тұрсын Алагөзовпен неке қияр кезде мәһірге не сұрағанын айтты.