$ 533.61  621.07  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрсын Алагөзов Баянның қызына қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

Халық Айарудың эмоциясын талқылап жатыр

Тұрсын Алагөзов Баянның қызына қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызының екінші қызы — Айару Бақытбекке қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бейнежазба TikTok желісінде жарияланған, видеодан сұр түсті Porsche көлігі көрінеді. Көлік тізгінін ұстап, эмоциясын білдірмеген Айаруға жұртшылық түрлі пікір қалдырды.

Желі қолданушылары не деді?

Айару Бақытбектің салмақты, сабырлы бейнесі көптің назарын аудартты. Жазба астына қалдырылған пікірлерден халықтың әртүрлі көзқарасын аңғаруға болады:

  • «Қандай баршылық, молшылықтың ортасында өссе де, менмендік, тәкаппарлық, мақтаншақтық бойында жоқ»
  • «Эмоциясы жоқ, талайын мінген тоқ балалар ғой»
  • «Жарайсың, барынша қарапайым қылып тәрбиелеген»
  • «Маған жұғысты болсын»
  • «Нанның бетін ашқандай ашты ғой»
  • «Құтты болсын!»

Porsche – сыйлық па, статус па?

Porsche маркалы көліктер — әлемдегі премиум класты автоөндірістің символы. Қазақстанда мұндай көліктің жаңа үлгілері 70–150 мың доллар аралығында тұрады.

Тұрсын Алагөзовтің бұл әрекетін біреулер «жеке мәселе» десе, енді біреулер «қоғамдық қызығушылық тудыратын әлеуметтік құбылыс» деп бағалап отыр. Өйткені танымал тұлғалардың жеке өмірі ел арасында әрқашан назарда.

Контекст

Продюсер Баян Алагөзова жаңа фильм түсіру үшін Екібастұздан Павлодарға келді.  Ол желідегі оқырмандарына болашақ фильмнің сахнасынан тыс не болып жатқанын көрсетті. Ол Екібастұзға сапар кезінде жол бойындағы жағдайға қатысты өз ойын Instagram парақшасында бөлісті. Оған дейін Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызынан қандай «зәбір» көргенін айтып, шағымданған еді. Сонымен қатар шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында мәдениет пен тіл мәселесіне қатысты пікір қайшылығы болды. Ол бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ара қатынасы туралы сөз қозғады және бұрынғы күйеуінің ұрған сәтін есіне алды. Тұрсын Алагөзовпен неке қияр кезде мәһірге не сұрағанын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары