$ 533.61  621.07  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайлық жігіттің Абай ескерткішін сүртіп тұрған сәті жұртты толқытты (ВИДЕО)

Ескерткіш Бейжіңдегі Чаоян саябағында орналасқан 

Қытайлық жігіттің Абай ескерткішін сүртіп тұрған сәті жұртты толқытты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қытай астанасы Бейжіңдегі Чаоян саябағында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішін сүртіп жатқан қытайлық жігіттің әрекеті қазақстандықтардың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Маулен Жанболатұлы есімді азамат Instagram желісінде жариялаған бейнежазбада жас қытай жігітінің Абай ескерткішіне деген ерекше құрметпен қарағаны көрінеді. Ол монументті мұқият, ұқыпты түрде дымқыл майлықпен сүртіп, қазақтың ұлы ойшылына ізет көрсеткен.

Әлеуметтік желідегі жылы пікірлер

Видеоны көрген қазақ желі қолданушылары қытайлық азаматтың әрекетіне ризашылық білдіріп, түрлі жылы пікір қалдырған.

  • «Тарихқа, руханиятқа бас ию — тәрбиенің белгісі. Мұндай құрмет жүрекке жылу береді»
  • «Жарайсың, бауырым!»
  • «Ондай ұрпақтан үміт бар. Мың алғыс!»
  • «Біздің тарихымызды шет елде де құрметтеп жатқанын көру — рухқа қуат».

Абай ескерткіші – рухани көпір

Абай Құнанбайұлының ескерткіші Бейжіңнің қақ ортасында 2014 жылы орнатылған. Бұл бастамаға қытайлық мүсінші Юань Сикун ұйытқы болған. Ол ескерткішті өзі жасап, қазақ-қытай мәдени байланысына рухани көпір ретінде бағалаған.

Бұл ескерткіш – тек мүсін ғана емес, қос елдің арасындағы достықтың, өзара сыйластықтың белгісі. Абайдың терең ойлары мен рухани мұрасы тек Қазақстанда ғана емес, әлем жұртшылығына да ортақ құндылық екенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары