$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мөлдір Мұқанова көптен күткен арманының орындалғанын айтты

Оқырмандар продюсердің жаңа қадамына қолдау білдіріп жатыр

Мөлдір Мұқанова көптен күткен арманының орындалғанын айтты
Фото: instagram.com/moldir.mt

Қазақстандық танымал әнші, продюсер және актриса Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі көптен бері армандап жүрген барабанда ойнауды үйренуге кіріскенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

 «Арманым орындалды, барабанда үйреніп бастадым», – деп жазды Мөлдір Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп жатыр

Желі оқырмандары продюсердің жаңа қадамына қолдау білдіріп, шабыттанғандарын жазуда. Көпшілік Мөлдірдің жан-жақтылығына тәнті болып, жылы лебіздерін қалдырған.

Пікірлерден үзінділер:

  • «Керемет! Жарайсың!»
  • «Тұла бойыңыз өнерге тұнып тұр!»
  • «Ақ Молям жан-жақты, молодец! Өнерің өрлей берсін!»
  •  «Мен де үйренгім келеді, шабыт сыйладың!»

Контекст

Айта кетсек, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі мен қыздары шетелде тренд видео түсіремін деп сынға қалды. Мөлдір тойда ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының талқылауына түсті. Тұрсынбек Қабатовтың жары, қазіргі уақытта әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында ерекше бейнежазба жариялады. Видеода ол өзін екі түрлі кейіпте «сынған» және «жарқыраған» күйде көрсеткен. Әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты тағы да бейнеүндеу тарады. Жас әйелдің мәлімдеуінше, ол белгілі азаматпен арадағы келісімді жарияламауға уағдаласқан, алайда қазіргі уақытта Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, үнсіз қалуға дәті бармаған.

Бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан бөтен еркекпен түскен видеосын жариялады. Сонымен қатар ол отбасындағы құпия сыртқа шығып кеткені туралы айтты. Оған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған еді. Қабатов тоқал алды деген сыбыс тарағаннан кейін заңды некедегі жұбайы Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы шықты. Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова жас әншімен бейнебаян түсірді. Ал продюсер Баян Алагөзованың «Алтын Ханым» атты шоуын жүргізген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тікелей эфирде сөзін ұмытып, ұятқа қалды.

Серіктес жаңалықтары