$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2025, 15:44
AR trend

Жылап көріскен апалы-сіңілі қариялар елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Жұрт әжелерге зор ғұмыр тілеп жатыр

Жылап көріскен апалы-сіңілі қариялар елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде егде жастағы апалы-сіңілілі қариялардың құшақтасып, көз жастарына ерік берген сәті кең таралып жатыр. Видеоны көрген қазақстандықтар қатты толқып, ізгі тілектерін жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрға қарасақ, әжелердің кішісі үлкеніне еркелеп, алдында жатыр. Үлкен әпкесі сіңлісінің басынан сипап, сезімін білдіріп отыр. Осы сәтте екеуінің де көзіне жас келеді.

Желідегі адамдар өздерінің туған әпке-сіңілілерін есіне алып, әртүрлі пікір қалдырған. Бірі - жанында жүрген әпкесіне қолдау көрсетсе, енді бірі өмірден озған жақындарын есіне алып, жылаған. 

«Бізге де әпкеммен бірге қартайып, өмір сүруді нәсіп етсін. Туған адамдардың бірге отырғаны қандай керемет. Әттең, менің де әпкем болса ғой. Апалар жылағанда жылама демеңіздерші. Жылау қиын ол кісілерге. Жеңілдеп қалады өмірдің көңіліне түсірген қаяуынан жеңілдеп қалады. Жылап, бір мауқын басып», - деп жазған желі қолданушылары.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары