$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2025, 12:36
AR trend

«Жер қопарып тастағандай отырмын»: Жұлдыз Әбдукәрімова бірінші рет декретке шығамын деп әлекке түскен

Ол декретке шыққанын дәлелдеу үшін құжаттарын көрсеткен

«Жер қопарып тастағандай отырмын»: Жұлдыз Әбдукәрімова бірінші рет декретке шығамын деп әлекке түскен
Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/?hl=ru

Актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова алғаш рет ресми түрде декреттік демалысқа шыққанын айтып, құжаттарын көрсеткен. Ол декретке шығу үшін тиісті құжат жинау оңай шаруа емес екенін айтқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, оған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар – бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде «уақытша жұмысқа жарамсыз» деген бір жапырақ қағазды алғашқы рет қолыма алып тұрмын», – деп жазды ол.

Актрисаның айтуынша, декреттік демалысты рәсімдеу кезінде түрлі құжаттар талап етіледі, ал оны алу үшін бірнеше мекемеге жүгінуге тура келген.

«Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды «лупамен» қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің», – дейді актриса.

Ол бірнеше күн бойы қағаз жинап, мемлекеттік қызметтерді рәсімдеп бітірген.

«Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді», – деп қорытындылады Әбдукәрімова.

Серіктес жаңалықтары