$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2025, 17:47
AR trend

«Құдалар мылтық ала келеді»: Тұрсынбек Қабатов қыздарының құлағын неге тестірмей жүргені белгілі болды

Әзілкештің үлкен қызы 21 жасқа толған бойжеткен

Жуырда Динара Сәтжанның бағдарламасына келіп, түсіріп жатқан киносына жарнама жасаған Мөлдір Мұқанова сұхбатқа үш қызын ерте келген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Динара Сәтжан Мөлдір Мұқановадан да, қыздарынан да жеке өмір, шығармашылық, ақша мен болашақ жоспарлары туралы сұраған. Сөз арасында Сәтжан қыздардың құлағында сырға жоқ екенін байқап, оның себебін сұрады.

«Құлағымыз тесік емес» деді бұл сұраққа бірінші болып жауап берген Айым Амангелді. Ал отбасының үлкені Әдемі Амангелді әкелері Тұрсынбек Қабатов олардың құлағына ең бірінші сырғаны болашақ құдалары тағады деп жоспар құрып отырғанын айтты.

«Құлақ тесуге әкеміз рұқсат бермейді. Бұл отбасындағы дәстүр десек болады. кішкентай кезімізде «құлақ тек сырға салу рәсімі кезінде ғана тесіледі» деді.  Біз оған келістік. Мен тіпті туған күн, басқа мерекелер болғанда құрбыларыма «маған сырға сыйламаңдар, құлағым тесік емес деймін», - дейді Әдемі.

Әңгімеге қосылған Мөлдір Мұқанова болса бұл қазақта жоқ дәстүр екенін айтып, «Тұрсынбек бабадан қалған салт» деп күйеуін мысқылдады.  

«Ол «құдалар өздері келіп, сырға салады» деп тұр ғой. Бұл дәстүр қазақта жоқ, Тұрсынбек бабамыздың шығарған дәстүрі. Әкелеріне менің құүлағымды бірінші болып құдалар теседі деп уәде берді, жарайды дедік», - дейді Мөлдір Мұқанова.

Әңгімені қалжыңға айналдырған Динара Сәтжан басқа қыздарға күйеу жігіт тек сырға әкелсе, Қабатовтың қыздарына келетін құдалар құлақ тесетін мылтығын ала келеді деп, шоуға келген көрермендерді күлкіге қарық қалды.

«Құдалыққа келгенде құлақ тесетін мылтық ала кел» деп айтамыз, басқа не істейміз», - дейді қалжыңдаған Мөлдір Мұқанова.

Серіктес жаңалықтары