Назым Қаһарман экс-күйеуі Қуандық Бишімбаевтың көңілдестері туралы кітап жазып жатыр
Кітап күзде шығады
Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күзде кітабын жарыққа шығармақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, ол жерде Бишімбаевтың ашыналары өз есімдерімен беріледі.
«Менің бұрынғы күйеуімнің көңілдестері, сіздер менің кітабыма ендіңіздер, мен сіздермен шаш жұлысқан жоқпын, керісінше экс-жұбайыммен айналыстым. Үйленген еркекке көңілдес болуға келісу - адамның өз таңдауы, бірақ біреудің кітабында аталып қалу қаупі бар. Мен кейбірінің атын сол қалпында беремін, тек фамилиясын алып тастаймын», - деп жария қылды ол.

Естеріңізге салайық, Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Астанадағы мейрамханада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрған. Соның салдарынан Нүкенова 9 қараша күні кешке таман көз жұмған. Бишімбаев тура сол күні Астанадағы уақытша қамау изоляторына қамалып, 2024 жылдың көктеміне дейін тергелді. Оның соты 2024 жылғы 27 наурызда басталып, 13 мамыр күні аяқталды. Судья оны 24 жылға бас бостандығынан айырды.