«Ұлына 25 мың теңге төлейді»: Нұрлан Абдуллиннің заңсыз некедегі экс-әйелі әншіден алимент өндіре алмай жүр
Оның сөзінше, әнші баласына 30 млн теңге қарыз
Белгілі эстрада әншісі Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі бұрынғы жұбайы Ақмарал Баққараева әлеуметтік желіде ашулы жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, қайырымдылық қорларына миллиондап ақша бөлетін Нұрлан Абдуллин туған баласына 3 жылдан бері алимент төлемеген. Оның қарызы 30 млн теңгеге жетсе керек.
«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы, ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызыңды өте! Сен ұлыңа 30 миллион теңге қарызсың. Қайырымдылық қорына ақшаңды аямайсың, ал туған ұлыңа 25 000 мың теңге бересің. Масқара болуды тоқтат! Сен өз балаңның жанын ауыртып жатырсың. Жасың 62-ге келіп 8 жасар ұлыңмен соттасып жүрсің. Нұрлан Мұханұлы баласына 25 мың теңге алимент төлейді. Оның гонорарын да 25 мың теңге қылу керек», - деп жазды әйел.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмарал Баққараева бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, Нұрлан Абдуллиннен некесіз туған ұлы барын мәлімдеген болатын. Әншінің өзі тараған ақпаратқа қатысты ләм-мим демеді.