Бүгін, 01:19
AR trend

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы фанаттары ерекше бейнежоба түсірді (ВИДЕО)

Чилиден Мексикаға дейінгі жанкүйерлер «Fire» атты ортақ музыкалық жобаға бірікті

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы фанаттары ерекше бейнежоба түсірді (ВИДЕО)
Фото: dimash.com

Димаш Құдайберген шығармашылығының Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Fire» атты жаңа музыкалық бейнежобаны ұсынды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Жобаға Чили, Бразилия, Мексика, Коста-Рика және Сальвадор елдеріндегі Dears фан-қоғамдастығының өкілдері қатысқан.

Музыкалық жобаны Diffusion Team командасы әнші шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі ретінде әзірлеген.

Қатысушылардың айтуынша, бейнежоба Димаштың музыкасына шабыттанған тыңдармандардың шынайы сезімі, ықыласы мен адалдығын көрсетеді.

Жоба авторлары көру қабілеті бұзылған қатысушы қыздың оқиғасына ерекше назар аударған. Қиындықтарға қарамастан, ол да бейнежазбаға қатысқан.

Сонымен қатар Diffusion Team командасы Латын Америкасындағы Dears жанкүйерлерінің музыкалық жобалары мен шығармашылығына арналған «Latam Voces de Amor» алаңын құрды.