Бүгін, 10:16
AR trend

«Масаға таланып, түнгі үште үйге әрең жеттік»: Астанадағы әлемдік жұлдыздар қатысқан концерттің соңы дүрбелеңге ұласқан (ВИДЕО)

Масаға таланған астаналықтар наразылықтарын айтқан

«Масаға таланып, түнгі үште үйге әрең жеттік»: Астанадағы әлемдік жұлдыздар қатысқан концерттің соңы дүрбелеңге ұласқан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанада әлемдік жұлдыздар жиналған SOLANA халықаралық музыкалық фестивалін тамашалауға келген жұрт түн жарымда үйлеріне әрең жеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде мыңдаған адам концертті ұйымдастыру деңгейі төмен болғанын айтып, шағым жазған. Айта кетейік, бұл фестиваль 16 мамыр күні Алматыда, ал 17 мамыр күні Астанада өткен болатын. Астананың сыртындағы гольф клубта өткен концерттің басында-ақ билет сатып алғандар 2 шақырым жаяу жүруге мәжбүр болған.

Ал концерт кезінде арзан билет сатып алғандар волонтерлерге бағынбай, бағасы қымбаттырақ тұратын секторға баса көктеп кірген. Сондай-ақ биодәретханалар мен қоқыстың шашылуына қатысты да шағым баршылық. Кешкі 20-00-де басталған концерттен астаналықтар түнгі 03:00-те үйлеріне әрең жеткендерін жазған.

«Концерттің ұйымдастырушыларына сұрақ өте көп. Түн жарымда далада қалдық. Автобустар кері айналып алып кетеді деген. Біз түнгі екіде жаяулатып қалаға шықтық. Абырой болғанда таныстарымызды көріп, солардың көлігімен жетіп алдық», - деп жазған олар.

Сондай-ақ көпшілік ұйымдастыру деңгейі төмен болатын мұндай концертті тегін өтуі керек еді. 

«Астанада бұл концерт тегін өтуі керек еді. Айнала шаң-тозаң, қаптаған маса. Бір банка сыра 3000, хот-дог 7000 теңге. Күзетшілер дөрекі. Сағат 18:00-де секторлар бойынша кіргізе бастады, 18:30-да кірдік те, бір жарым сағат музыка тыңдап тұрдық. Әртістер кешкі 20:00-ге таман шықты. Адамдар телефонға түсіру үшін бір-бірінің жағасынан алуға дайын. «Соланаға» бес есе қымбат билет алғанша, Нұрлан Абдуллиннің концертіне партерге барып, жайлы орында отырғаным жақсы еді. », - деп жазды олар.

 

Айта кетейік, бұл фестивальге Flo Rida, Busta Rhymes, Tyga, Timbaland, Keri Hilson, Nicole Scherzinger сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.