«Маған лицензия о дүниеден берілген»: Баян Алагөзова Ақтөбедегі емшіге жауап берді
Желіде продюсер мен ақтөбелік емші жанжалдасып қалды
Баян Алагөзова Ақтөбедегі емшіге қатысты ашық пікір білдіріп, әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Әлеуметтік желі адамдарға ойына келгеннің бәрін жаза беруге мүмкіндік берді. Ақтөбеде TikTok-та ақшаға бата беретін бір “емші” тұрады. Оның адамдарды емдеуге лицензиясы бар ма? Салық төлей ме? Ол бөлек мәселе. Бірақ үндемей өте алмайтын дүниелер бар», – деді продюсер.
Оның айтуынша, әлгі емші ұзақ уақыт бойы тікелей эфирлерде өзін, Динара Сәтжан және өзге адамдарды балағаттап, жалған ақпарат таратқан. Сондай-ақ тележүргізуші мемлекеттен жобалары үшін ақша алады деп мәлімдеген.
«Бұл – өтірік. Және бірден бірнеше заң бабын бұзу. Қазір бұл мәселемен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Мен өзімді қорлатуға жол бермеймін. Мен туралы жалған ақпарат таратуға да жол бермеймін. Егер біреу осылайша өзіне қаралым жинағысы келсе, сот күтіп тұрғанын біліп қойсын. Кейін адвокаттарға кеткен барлық шығын да сіздерден өндіріледі. Осындай бір әйелді сотта жеңгенмін», – деп жазды Алагузова.
Пост астындағы пікірлерде продюсердің қарсы тарапы да жауап қатты.
«Сен ата-баба рухымен ойнап жүргеніңді көрсетемін. Маған лицензия о дүниеден берілген! Мен сен ойлағандай өтірік “емші” емеспін! (...) Сендер туралы жағымсыз ақпаратқа келсек, маған Бағдагүл ханымға көмектескісі келетін адамдар хабарласып жатыр. Олар менің сөзімді дәлелдейтін айғақтар беруге дайын екенін айтты. Керісінше, өздеріңді масқараламаңдар, беделдеріңнен айырылып қалмаңдар деп ескертемін», – деп жазды емші пікірде.
Осыдан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Дегенмен көпшілік Алагөзованы қолдаған.
«Дұрыс айтасыз! Сәттілік! Мұндай нәрсеге тосқауыл қою керек. Динара Сәтжанға қатысты айтқандары үшін кемінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», «XXI ғасырда емшілерге сенетіндер бар ма өзі?», «Қысқасы, жергілікті Қашпировский ғой», «Баян Мақсатқызы, сіз дұрыс айтасыз. Ешкімнің адамды қорлап, жала жабуға құқығы жоқ», «Адамдарды балағаттайтын адам қалай емші болады? TikTok қарамайтыныма қуанып отырмын», - деп пікір білдірді оқырмандар.