Бүгін, 14:31
AR trend

Павлодарда полицей бүкіл ұжымның алдында әріптес қызға сөз салып, желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Ұжым ұсыныстың сәтті өтуіне үлес қосқан

Павлодарда полицей бүкіл ұжымның алдында әріптес қызға сөз салып, желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде әсерлі оқиға болды. Полиция қызметкері әріптесінің туған күнінде оған сөз салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкері Евгений Дорошенко учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Арина Исаковаға үйленуге ұсыныс жасады.

Дереккөзге сүйенсек, әріптестері арнайы жиналып, Аринаны туған күнімен құттықтап жатқан. Сол сәтте қызыл гүл шоғын алып, акт залына кірген полицей сүйіктісін алдымен туған күнімен құттықтаған, артынан оған сезімін білдіріп, өмірлік серігі болуды ұсынған. 

Жас полицейлер қызмет барысында танысып, бір-біріне деген сыйластық уақыт өте келе шынайы махаббатқа ұласқан. Ортақ қызмет пен сүйікті мамандық олардың қарым-қатынасын одан әрі нығайтты.

Ұжым үшін бұл оқиға үлкен мерекеге айналды. Әріптестері жас жұпты қол шапалақтап құттықтаса, күтпеген ұсынысқа толқыған Арина келісімін берді. Желідегі көпшілік те бұл сәттің әсерлі екенін жеткізіп, екі жасқа бақыт тілеген.