Бүгін, 00:31
AR trend

Танымал түрік актрисасы есірткі ісіне байланысты қамауға алынды

Ыстанбұлдағы арнайы операция кезінде актрисамен бірге тағы 16 күдікті ұсталды

Танымал түрік актрисасы есірткі ісіне байланысты қамауға алынды
Фото: Gold Film

Түркияда Ыстанбұл полициясы есірткі қолдану немесе сатып алу күдігімен 17 адамды ұстады. Олардың арасында «Балықшы құс» («Зимородок») пен «Мүкжидек шәрбаты» («Клюквенный щербет») сериалдары арқылы танылған актриса Алейна Бозок та бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Өңірлік прокуратура мәліметінше, 12 сәуірге қараған түні 24 күдіктіні ұстау операциясы басталған. Олардың алтауы қазір шетелде жүргені мәлім болды. Сонымен қатар төрт ойын-сауық мекемесінде тінту жүргізіліп жатыр.

«Есірткі заттарын сатып алу немесе қолдану, сондай-ақ жезөкшелікке делдалдық жасау айыптары бойынша тергеу аясында 17 күдікті ұсталды», – деп хабарлады прокуратура.

Ұсталғандардың арасында Алейна Бозоктан бөлек бұрынғы футбол төрешісі, қазір инфлюенсер ретінде танылған Элиф Караарслан, Kütüphane клубының иесі Али Коз және әлеуметтік желідегі басқа да танымал тұлғалар бар.

Сондай-ақ Фатих Дёнмез жұма күні тексеруден өткен түрік жұлдыздарының 77 пайызында есірткіге тест оң нәтиже көрсеткенін, тергеу аясында жалпы 255 адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін әйгілі түрік актрисасы әуежайда қамауға алынғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ жуырда Түркияда бір топ танымал әртіс есірткіге күдікпен ұсталды. Олардың арасында танымал поп-орындаушылар Симге Сагын, Мустафа Джежелі, Бенгю, Мелек Моссо, сондай-ақ актер Ибрагим Челиккол бар.