Бүгін, 11:52
AR trend

«Заң бұзғанымызды мойындаймын»: Эльмира Төлегенова сотта жылап жіберді

Ол кінәсін ішінара мойындады

«Заң бұзғанымызды мойындаймын»: Эльмира Төлегенова сотта жылап жіберді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Елордада блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысы барысында айыпталушы Эльмира Төлегенова өз кінәсін ішінара мойындағанын мәлімдеді.

«Сол кезде заңсыз кәсіпкерлік қызмет әкімшілік сотта қаралып жатқан еді, әрі біздің ұстанымымыз мүлде басқа болды. Біз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауымыз керек деп ойладық. Ол кезде ешқандай құжатқа қол қойған жоқпыз. Бірақ қазір заң бұзғанымызды түсінемін. Кінәмді мойындаймын. Шынын айтсам, бұл жағдай мен үшін өте ауыр. Осы әрекетім үшін жауапкершілікті көтеруге дайынмын», – деді Төлегенова сотта.

Айыпталушы өзіне тағылған айыптың бір бөлігімен, атап айтқанда ақшаны жылыстату бабы бойынша келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл айыптың қандай негізге сүйеніп тағылғаны түсініксіз.

«Бұл істі ауырлату үшін жасалды ма?» – деп сұраған Төлегенова жылап жіберіп, соттан кешірім сұрады.