11.04.2026, 23:21
AR trend

«Күйеуі қатал, шығармай жүр»: Кәмшат Жолдыбаева күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші соңғы уақытта сахнадан сирек көрінуінің себебін ашық айтты

«Күйеуі қатал, шығармай жүр»: Кәмшат Жолдыбаева күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/ann_2905

Әнші Кәмшат Жолдыбаева сахнаға шықпай кетуіне бұған отбасылық жағдай әсер еткенін жасырмады. Жақында сәби сүйген әнші қазір бар уақытын отбасына арнап жүргенін жеткізді. Сонымен бірге ол психология саласына да ден қоя бастағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кәрі қыз бала тапқан кезде, өзін қоярға жер таппайды» дейтін бе еді, сондай сөз бар еді ғой. Осы сөз мен туралы. Негізі көбі қате түсінікте. «Күйеуі қатал, шығармай жүр» деп ойлайды. Мен келін болар уақытта психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі уақытта мен біреудің әйелімін, анасымын, келінімін», – дейді ол "Ревю" бағдарламасында.

Желі қолданушылары ұзақ үзілістен кейін әншінің сырт келбетінде жағымды өзгеріс барын бірден байқаған. Көпшілік оның бұрынғыдан да ажарлана түскенін жазса, енді біреулер сөз саптауына қатысты пікір білдірген.

Пікір қалдырғандардың арасында:

  • «Сөйлеуді ұмытып қалыпты ғой»,
  • «Тіл байлығы аздау екен»,
  • «Танымай қалдым, бұрынғыдан сұлу болып кетіпсің»,
  • «Кәмшат қызымыз тұрмысқа шығып, ана болғалы әдемі болып, ажарланып кетіпті»,
  • «Қатты өзгеріп кетіпті»

деген жазбалар да болды.