24.11.2025, 14:15
Әлем
Атақты актер Брюс Уиллис туған қызын танымай қалды
Ол деменциямен ауырып жатыр
Фото: Kevin Mazur/WireImage/Getty Images
Актердың қызы Талула Уиллис деменциямен күресіп жатқан әкесінің ауыр жағдайын хабарлады, деп жазады Azattyq Ryhy.
Айтуынша, ол енді туыстарын тани алмайтын халге жеткен.
News.com.au басылымының жазуынша, 2022 жылдан бері Брюс Уиллис ауыр дертке шалдыққан. «Алтын глобус» сыйлығының иегеріне афазия диагнозы қойылған соң, ол кино әлемінен біржола кеткен.
2023 жылы Уиллис деменция сырқатына ұшырады. Бұл неврологиялық бұзылыс уақыт өте дамып, сөйлеу қабілетін бұзады, мінез-құлыққа өзгерістер енгізіп, қимыл-қозғалысты қиындатады.
Айта кетейік, 70 жастағы аңыз актер «The Fifth Element (Бесінші элемент)» , «Pulp Fiction (Қылмыстық хикая)», «Армагеддон», «Sin City (Күнәхарлар қаласы)» секілді фильмдерімен әйгілі болған.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Бүгін, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады