$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тың барлау агенттігі Венесуэлада құпия операция жүргізуді бастады

Дереккөздер бұны Венесуэла президентіне қысым көрсету деп бағалады 

АҚШ-тың барлау агенттігі Венесуэлада құпия операция жүргізуді бастады
Фото: @realdonaldtrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау агенттігіне  Венесуэла аумағында құпия операциялар жүргізуге рұқсат бергенін растады. Ақ үй теңіз бен құрлықта наркокартельдерге соққы беруді қарастырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Американың әскері кейінгі апталарда Кариб бассейнінде есірткі тасыған кемелерге кем дегенде бес рет соққы жасады, салдарынан 27 адам қаза тапты.

New York Times деректеріне сүйенсек, барлау агенттігі Венесуэлада ауқымды әскери операция бастауы мүмкін. Трамп мұны Венесуэладан тасымалданатын есірткіні бақылауға алу мен кейбір тұтқындарды АҚШ-қа жеткізу үшін жасалып отыр деп түсіндірсе, Reuters агенттігі АҚШ мойындамаған ел президенті Николас Мадуроға қысым көрсету деп болжайды.

Венесуэла үкіметі АҚШ-ты халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын бұзды деп кінәлады. Олар Ақ үй ішкі билікке араласып отыр дейді.

Мадуро әскери жаттығуларды бастады, ал АҚШ Кариб бассейніне сегіз әскери кеме, атом сүңгуір қайық және ұшақтарды орналастырған.

Серіктес жаңалықтары