$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2025, 16:18
Әлем

Газада атыс уақытша тоқтады

Израиль аймақтан әскерін шығара бастады

Газада атыс уақытша тоқтады
Фото: BBC

Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі хабарлағандай, Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім жұма күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сағат 12:00-де атысты тоқтату келісімі күшіне енді. Осы сәттен бастап ЦАХАЛ әскерлері жаңа дислокациялық шептерге жайғаса бастады», - делінген ресми хабарламада.

Армия өкілдерінің айтуынша, Оңтүстік қолбасшылықтың бөлімдері Газа секторындағы жаңа шептерге бекітіліп, тікелей қауіп-қатер туындаған жағдайда жауап беруге дайын.

Бұған дейін Израиль әскері түнгі уақытта Газа секторындағы күштерін қайта топтастыруды және шегінуді бастаған болатын. Бұл қадам Израиль мен ХАМАС арасындағы тұтқындарды босату жөніндегі келісімнің маңызды бөлігі.

Радио «Галей ЦАХАЛ» хабарлауынша, жұма түске дейін израильдік әскерлер келісімде белгіленген жаңа шептерде өз позицияларын бекітіп үлгерді. Осы сәттен бастап 72 сағаттық мерзім ресми түрде басталды дәл осы уақыт ішінде ХАМАС тұтқындарды босатуы тиіс.

Атысты тоқтату мен тұтқындарды босату процесін бақылау үшін АҚШ әскери үйлестіру орталығы құрылып жатыр. Бұл орталық аймақтағы бітімнің орындалуын және азаматтық басқаруға өтуді үйлестірмек.

Израиль тарапы келісімнің барлық шарттарын орындап, тұтқындардың қауіпсіз босатылуына жағдай жасауға уәде берді.

Газадағы атысты тоқтату туралы шешімнің күшіне енуі Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға бағытталған маңызды кезең. Алдағы 72 сағат ішінде тараптардың келісімді қалай орындайтыны аймақтағы тұрақтылықтың болашағын айқындайды.

 

Серіктес жаңалықтары