$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

40 жастағы америкалық шіркеуді жарып жіберді

Президент Дональд Трамп мәлімдеме жасады 

40 жастағы америкалық шіркеуді жарып жіберді
Фото: REUTERS/Rebecca Cook

Мичиганда ер адам шіркеудегі адамдарға шабуыл жасады. Ол ғимаратқа көлікпен басып кіріп, винтовкадан оқ жаудырып, шіркеуді өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.

Шабуылдан кем дегенде төрт адам қаза тауып, сегіз адам жараланды. Қылмыс жасаған 40 жастағы Томас Джейкоб Сэнфорд полициямен атысып жүріп қаза тапқан.

Ресми мәліметке сай, ол АҚШ-тың бұрынғы теңіз жаяу әскері, көрші Бертон қаласының тұрғыны. Қою түтінге оранған шіркеудің ішінен 4 адамның мәйіті шығарылды, бірақ үйінділер толық тазаланбағандықтан басқа да құрбандар болуы мүмкін.

Тергеушілердің болжамынша, қылмыскер бензин шашып, өрт қойған, ол жерден басқа да жарылғыш заттар табылған. Федералдық тергеу бюросы бұл оқиғаны «қасақана жасалған зорлық әрекеті» деп бағалап, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Президент Дональд Трамп Truth Social платформасында жасаған мәлімдемесінде «еліміздегі зорлық-зомбылық індеті дер кезінде тоқтатылуы тиіс!»,- деді.

Серіктес жаңалықтары