Германия Ауғанстан мен Сирия азаматтарын депортацияламақ
Бұған дейін Берлин Катардың арағайындығымен екі рет осындай рейс ұйымдастырған

Германия қылмыс жасаған Ауғанстан және Сирия азаматтарын елден шығару мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кабулдағы келіссөздер
Қазан айында Германия ішкі істер министрлігінің өкілдері Кабулға барып, «Талибан» қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) депортациялау тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
ІІМ басшысы Александр Добриндттің айтуынша, «қылмыс жасағандар мен қауіп төндіретін тұлғаларды жүйелі түрде елден шығару қажет».
Бұған дейін Берлин Катардың арағайындығымен екі рет осындай рейс ұйымдастырған. Соңғысы 2025 жылдың шілдесінде болып, 81 ауған азаматы елден шығарылды. Дегенмен, Германияның «Талибанмен» ресми дипломатиялық қатынасы әлі орнаған жоқ.
Сирияға қатысты жоспарлар
Германия үкіметі тек ауғандарға ғана емес, Сирия азаматтарына да депортация жасаудыкөздеп отыр. Алдымен қылмыс жасағандар, кейін елде болуға құқығы жоқ мигранттар елден шығарылмақ.
«Жақсы интеграцияланған, жұмыс істеп жүрген адамдар мен әлеуметтік жәрдемақыға қарап отырған әрі баспана алу құқығы жоқ мигранттарды ажырату қажет», – деді Добриндт.