$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экобелсенді Грета Тунберг тағы да Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге жолға шықты

Бұған дейін оның тобын Израиль қайтарып жіберген 

Экобелсенді Грета Тунберг тағы да Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге жолға шықты
Фото: Reuters

Экобелсенді Грета Тунберг бастаған Палестинаны қолдаушылар флоти­ли­ясы Газаға секторына кіруге тағы да талпынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің жазуынша, Палестинаны қолдаушы белсенділердің шағын кемелерден құралған «Сумуд ғаламдық флоти­ли­ясы» жексенбі күні Тунистің астанасына жақын орналасқан Сиди-Буссаид портына жетті. Оларды қарсы алған халықтың қарасы көп болған.

Флотилия Барселонадан 21 кеме болып шыққан. Оның бір бөлігі Тунистің жағалауына жетсе, қалғандары жолда келе жатыр. Оларға Тунисте кемелер қосымша гуманитарлық жүк артылады, тағы да қолдаушылар тобы қосылады.

Еске салсақ, маусым айында Грета Тунберг пен оның серіктестері Газаның теңіз блокадасын яхтамен бұзбақ болған, алайда Израиль әскері оларды ұстап, депортациялаған. Израиль билігі ол әрекетті «бұл көмектесу емес, жай ғана саяси ойын» деп атады.

Тунис пен Газа арасы шамамен 2300 шақырым. Ұйымдастырушылар жол бойында флоти­ли­яға ондаған шағын кеме қосылады деп үміттеніп отыр.

Айта кетсек, Интеграцияланған азық-түлік қауіпсіздігі фазаларын жіктеу жүйесінің (IPC) есебіне сәйкес, 2025 жылдың тамызында Газа қаласындағы аштық ресми түрде тіркелген. Балалар мен бейбіт тұрғындар ауыр зардап шегіп отыр. Егер қақтығыс тоқтамай, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне қойылған шектеулер алынбаса, аштық бүкіл аймаққа таралуы мүмкін. БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар дереу бітімге келу мен көмек жеткізуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары