$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:20
Әлем

Астана жайлы жағымсыз пікір айтқан ресейлік блогер сырттай 8 жылға сотталды

Оған айыппұл да салынды

Астана жайлы жағымсыз пікір айтқан ресейлік блогер сырттай 8 жылға сотталды
Фото: видеодан скриншот

Ресейлік блогер Илья Варламов сырттай 8 жылға сотталып, 99 млн рубль айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәскеудегі Мещан сотында блогер Илья Варламовқа қатысты шешім шығарды. Ол шетел агентінің міндеттерін орындаудан жалтару және РФ Қарулы күштері туралы жалған ақпарат тарату баптары бойынша айыпталды.

Тараптар жарыссөзі барысында прокурор оған 8 жыл бас бостандығынан айыру және 99 млн рубль көлемінде айыппұл жазасын сұрады.

Варламов 2023 жылдың наурызында шетел агенті ретінде танылған. 2024 жылдың мамырында оған әскерді «дискредитациялады» деген айып тағылды, ал қарашада материалдарға тиісті белгілер қоймау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол 2024 жылы Түрікменстан азаматтығын алды. Сондай-ақ бір видеосында Астананы жайсыз қала деп сынға қалған еді.

Серіктес жаңалықтары