$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сенің пікірің керек еді бізге»: Димаштың әкесі ресейлік блогерге тіке жауап жазды

Ол Астана әсем қала екенін жеткізген

«Сенің пікірің керек еді бізге»: Димаштың әкесі ресейлік блогерге тіке жауап жазды
Фото: видеодан скриншот

Ресейлік блогер Илья Варламовтың Астана туралы жағымсыз пікіріне қатысты Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев пікір қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресейлік танымал блогер Илья Варламов қазақстандық журналиске берген сұхбатында Астана жайсыз, өмір сүруге арналмаған қала екенін айтты.

«Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Бұл бойынша көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін», - деді Варламов.

Блогердің бұл сөзіне қатысты Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев пікір қалдырған.

«Сенің пікірің керек еді бізге. Астана - өте көркем, әсем қала. Ұнамаса - келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Серіктес жаңалықтары