$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:00
Әлем

Үндістанда 12 жастағы қызды 200-ден астам еркек зорлаған

Адам саудасымен айналысқан он адам ұсталған

Үндістанда 12 жастағы қызды 200-ден астам еркек зорлаған
Фото: istockphoto.com

Үндістанда Бангладештен қашып кеткен 12 жастағы қызды үш ай ішінде 200-ден астам ер адам зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 The Mirror басылымының мәліметінше оқушы емтиханнан құлап қалғаннан кейін ата-анасының жазасынан қорқып, Үндістанға қашып кеткен. Оған бір әйел көмектесуге уәде берген. Алайда ол баланы Гуджарат штатының Надиад қаласында жыныстық құлдыққа сатып жіберген.

Жергілікті белсенділер мен полицейлер босатқанға дейін қыз үш ай бойы зорлық-зомбылық көрген.

Нәтижесінде адам саудасы желісін ұйымдастырумен айналысқан он адам ұсталған.

«Бұл қыздың балалық шағын адам саудалайтын құбыжықтар ұрлады», - деді Harmony Foundation қорының төрағасы Абрахам Матаи.

Еске сала кетейік, биылғы наурыз айында Шымкентте 15 және 16 жастағы жасөспірім қыздар жыныстық құлдықтан құтқарылған болатын. Олар жалдамалы пәтерден табылған.

Тергеп-тексеру кезінде қыздардың адам саудасына тартылып, құрбаны болғаны анықталған. Бірі Тараз қаласының, екіншісі Алматы қаласының тұрғыны. Оларды 22 жастағы қыз Шымкентке алып келген. Қыздар қайда, не үшін бара жатқанын білмеген

Серіктес жаңалықтары