19.06.2025, 21:20
Әлем
Түрікменстанда шақырылмаған «қонақтар» тойдың шырқын бұзды (ВИДЕО)
Мамандар айтылған жерге дереу барған
Фото: pixabay
Түрікменстанда үйірлі шегіртке тойдың шырқын бұзды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан той болған үйдің ауласын шегіртке басып, қонақтардың мазасын алғанын көруге болады.
Интернет қолданушылары оқиғаның Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында болғанын жазды. Мамандар айтылған жерге дереу барған. Алайда олар той болған үйді де, жәндікті де таппаған.
"Бұл уақытта аудан тұрғындарынан да шағым түскен жоқ. Көрсетілген жерде ешқандай шегіртке табылмады", - деп хабарлады карантин жөніндегі қызмет.
Кейін бұл оқиғаның Өзбекстанда емес, Түркіменстанда болғаны белгілі болды. Бұл ақпарат көрші елмен телефон арқылы сөйлесу кезінде расталды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды