«Ұлды болғанымызды білесің бе?»: «Рэкетир» фильмінің жұлдыздары әлеуметтік желіні шулатты (ВИДЕО)
Олардың TikTok-тағы видеолары Қазнетті жаулап алды

«Рэкетир» фильмінің актерлері Әсел Сағатова мен Саят Исембаев TikTok желісінде қызықты видеолар жариялау үшін қайта кездесіп, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
19 жылдан кейінгі кездесу
Әсел Сағатованың парақшасында жарияланған видеолардың бірінде Саят Исембаев экрандағы әріптесіне әзілдеп былай дейді:
"Әсел, бұл сен бе? Мен сені 19 жылдан бері көрмедім. Ұлды болғанымызды білесің бе? Қазір ол өсті. Осы маңайда бір жерде қыдырып жүр, оның аты Сануржан", - дейді Исембаев видеода.
Видео Қазнетті шарлап кетті
Олардың әзілін желі қолданушылары жылы қабылдады. Осындай видеолар Саят Исембаевтың парақшасында да жарияланды.
«Әдемі!!!», «Әсел сондай сұлу, сондай сүйкімді», «Жақсы әртістер, рахмет», «Екі үздік актер кездесті», - деп жазды желі қолданушылары.
«Рэкетир» фильмі жайлы не білеміз
2007 жылы жарық көрген «Рэкетир» фильмі кең танымалдыққа ие болып, қазақстандық кинематографиядан ойып тұрып орын алды.
Ол қылмыс әлемінің серкесі Руслан есімді жігіт пен оның досы Саянның өмірін баяндайды. Әсел Сағатова мен Саят Исенбаевтың бұл фильмдегі рөлдері оларға танымалдылық әкелді.