Әлемдегі ең бай адамның бірі Миттал салықтан қашып Ұлыбританиядан көшіп барады
Оның компаниясы 30 жыл бойы қазақстандық шахталарға иелік етті

Үндістандық олигарх Лакшми Миттал 30 жыл бойы тұрып келе жатқан Ұлыбританиядан салықтың көбейгені үшін көшіп кетпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Британия резидент емес тұлғаларға қатысты салық реформасын өзгертті, Миттал салық үшін көшіп бара жатқан ең бай адамның бірі болып отыр. Бұл туралы Financial Times жазды.
«Ол жыл соңына дейін нақты шешім қабылдайды. Ол Ұлыбританияғның салық резиденті болуын тоқтататын шығар», - деді Financial Times-қа оның достарының бірі.
74 жастағы «ArcelorMittal» алып болат компаниясының иесі салықты азырақ төлейтін БАӘ, Италия, Швейцария сияқты елдердің біріне көшуді жоспарлаған.
Былтыр Миттал Sunday Times нұсқасы бойынша Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың тізімінде 7-ші орында тұрған. Оның байлығы £14,9 миллиардқа - $18,6 миллиардқа тең.
Ол 2004 жылы әлемдегі ең қымбат делінген зәулім сарай- Kensington Palace Gardens-ті £67 миллионға сатып алған еді.
Митталдың Швейцариядағы Сент-Мориц тау шаңғысы курортында үлкен үйге, сондай-ақ Еуропа, АҚШ және Азияда бірнеше жылжымайтын мүлікке ие. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайдан да үй сатып алғанын хабарлаған.
Еске салайық, 2023 жылы «ArcelorMittal-дың» басқаруындағы Костенко шахтасында 46 жұмысшы қаза тапқан соң, Митталмен арадағы байланыс үзілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының аты ресми түрде QARMET болып өзгертіліп, оның жаңа инвесторы болып Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев келді. Келісім құны $286 миллион доллар болды.
Айта кетсек, Лакшми Митталдың компаниясы қазақстандық щахталарды басқарған 30 жылда 150-ге жуық шахтер көз жұмды.