Мысырда суға кеткен 45 жолаушысы бар қайық туралы жаңа деректер шықты
Қаза тапқандар саны 6 адамға жеткен

Мысырда 45 турист отырған батискафтың Қызыл теңізге батып кеткеннен кейінгі фотолары тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Thesun-ға сілтеме жасай отырып.
Апатқа ұшыраған «Синдбад» батискафының ішінен 39 адам адам аман-есен шықты, 6 адам көз жұмды, оның ішінде екеуі бала. Құтқарушылар акулалардың ортасынан жолаушыларды шығарып аламыз деп жүрген 9 адам жарақат алған. Төрт адам өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.
Тірі қалғандардың бірі Елена Болдареваның айтуынша, батискаф суға сүңгігенде люктері ашық болған. Ол 21 метр тереңдікке дейін түскен. Елена 40 минут бойы теңіз түбіндегі маржан рифтерін көрсетудің құны £68 болғанын айтқан. Бұл теңгемен есептегенде 44 мың теңгеге жуықтайды.
Туристердің көпшілігі Ресей азаматтары, сондай-ақ Үндістаннан, Шорвегия мен Швециядан келгендер мен 5 мысырлық болған.
Мұндай апат бірінші рет болып отырған жоқ. 2021 жылы Хургада жағасында су асты қайығы маржан рифіне соқтығысып, ерлі-зайыпты неміс отбасы баласымен бірге батып кеткен. Он үш адам құтқарылған. Ақпан айында Марса-Алам курортында туристік қайық аунап кетіп, 4 адам қаза тауып, 7 адам із-түзсіз жоғалған.