«Берлиннің күнін кешпейік»: Зеленский атысты тоқтатуға келісім берген жоқ
Зеленский майдан шебіндегі атыстың тоқтатылуын Берлиндегі оқиғамен салыстырды

Украина президенті Владимир Зеленский майдан шебіндегі соғыс қимылдарын тоқтату идеясына қарсы шықты. Бұл туралы «УНИАН» Telegram-дағы арнасында хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Мен президент Трампқа ашық айттым: «Біз Берлинді қалаймыз ба? Осындай қалалардың көп болғанын қалаймыз ба?» – деп атап өтті ол.
Зеленскийдің айтуынша, егер майдан шебі өзгеріссіз қалса, біраз тұрғынның туған қалаларына оралуы мүмкін болмайды.
Естеріңізде болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Берлин жеңімпаз елдер арасында бөлініп, батыс бөлігі – батыс державаларының, шығыс бөлігі Кеңес Одағының бақылауында болды. 1961 жылы салынған Берлин қабырғасы қаланың екіге бөлінуінің символына айналып, социалистік аймақтан капиталистік бөлікке көшуге тосқауыл қойды. 1989 жылы қабырғаның құлауы қырғи-қабақ соғыстың аяқталғанын және бірігуге деген үмітті білдірді.