$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияда саясаткердің қамалуына байланысты жұрт наразылыққа шығып жатыр

Ыстамбұл мэриясын полиция қоршаған 

Түркияда саясаткердің қамалуына байланысты жұрт наразылыққа шығып жатыр
Фото: ВВС

Ыстамбұл қаласының мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглудың қамалуына наразы болғандар қарсылық акцияларын ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер Ыстамбұл мэриясының алдына, Имамоглу отырған полиция бөлімшесінің және университеттің жанына жиналған. Полиция қала әкімдінің алдын қоршауға алды, жолдың бір бөлігін, Таксим орталығын жауып тастаған.

Полицияның халықпен қақтығысып қалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Орган өкілдері Ыстамбұл университетінің алдына жиылған студенттерді қуу үшін арнайы техника қолданғаны айтылды. Студенттер Имамоглуның жоғары білім алғаны үшін берілген дипломының күшін жою туралы шешімге қарсылық білдіріп тұрған.

Бұл шешім саясаткерді қамауға алардың алдында ғана қабылданған. Имамоглу қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы, ал жоғары білімі жоқ адам сайлауға түсе алмайды.

Экрем Имамоглу алдағы жексенбіде оппозицияның атынан 2028 жылы өтетін президенттік сайлауға кандидат болатынын жарияламақ болған.

Еске салсақ, Түркия полициясы Экрем Имамоглуның үйіне тінту жүргізіп, оны бөлімшеге алып кеткен. Ұсталғандар қатарында оның баспасөз хатшысы Мурат Онгун мен мэрияның 105 қызметкері де бар.

Серіктес жаңалықтары