Өз-өзін өртеген қария көз жұмды - ол қамаудағы Оңтүстік Корея президентін жақтаған
Осымен Оңтүстік Кореяның лауазымынан уақытша шеттетілген президенті Юн Сок Ёлді жақтаған екінші адам қаза тауып отыр

Оңтүстік Кореяның лауазымынан уақытша шеттетілген президенті Юн Сок Ёлдің жақтасы делінген қария өзін өртеп жібергеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
79 жастағы кісі наурыздың жетісінде Юн Сок Ёлді қолдау сөздері жазылған парақшаларды шашып, ғимарттың шатырына шығып өзін өртеп жіберген. Полицияның мәліметінше, ер адам Сеулдегі күйікті емдейтін ауруханада жатып көз жұмды.
Юнның жақтастарының өз-өзін өртеуі бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін 15 қаңтарда 50 жастағы адам Юнды тергеп жатқан ғимараттың жанында өзін жағып жіберген.
Еске салсақ, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл 14 қаңтарда тұтқынға алынды, ол импичмент жарияланғаннан кейін биліктен шеттетілген болатын.