$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Австралияда жабайы жануардың төлін ала қашып, видеоға түсірген блогер елден қуылғалы жатыр

10 500 адам оны депортациялауды талап еткен 

Австралияда жабайы жануардың төлін ала қашып, видеоға түсірген блогер елден қуылғалы жатыр
Фото: istockphoto

Австралия билігі жабайы жануардың баласын қызық көріп, ұстап көрген блогер әйелді елден шығарып жібермек. Оның әрекетіне тіпті премьер-министрге дейін пікір білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің хабарлауынша, Америкалық блогер Сэм Джонс вомбат деген түкті кеміргіштің баласын енесінен бөліп алып көлігіне қарай қашқан. Оны жабайы жануар қуған. Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Әйелдің бұл қылығы көпшіліктің ашуына тигені сонша адамдар оны депортациялауды талап етіп, петиция жазып, 10 500 қол жинаған.

Австралияның премьер-министрі Энтони Альбаназе «мықты болса, қолтырауынның баласын ұстап көрсін, не боларын көрейік» деп сөйлеген.

Ішкі істер министрі Тони Берк көші-қон қызметі Джонстың визасын қайта қарайтынын айтты. Табиғатты қорғаушылар қоғамы блогерді «әлеуметтік желіде лайк жинау үшін вомбатқа қатігездік көрсетті» деп айыптап отыр.

Сэм Джонс өзіне қарша бораған сынға төтеп бере алмай видеоны өшіріп, артынан Instagram парақшасын жасырып тастаған.

Австралияның жергілікті жануары болып саналатын вомбаттар елде заңды түрде қорғалған. Сарапшылар вомбатты баласынан бір сәтке айырудың арты ауыр зардапқа әкелуі мүмкін дейді.

Серіктес жаңалықтары