12.03.2025, 16:03
Әлем
Ресейдің «Ирония судьбы» фильмі арқылы танылған актриса қатерлі ісікке шалдыққан
Дәрігерлер оның үйіне барған
Фото: PersonaStars
«Ирония судьбы» фильмі арқылы ТМД елдеріне танылған актриса Валентина Талызинаның қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT басылымының мәліметінше, халық әртісі ұйқыбезінің қатерлі ісігі диагнозымен амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Актрисаның жағдайы соңғы күндері күрт нашарлап, денесі ауырып, жүрегі қатты айныған. Осыған байланысты ол дәрігерлерді үйіне шақырған.
Дәрігерлер денсаулығының нашарлағаны онкологиялық дертке байланысты екенін анықтаған.
Валентина Талызина көрермендерге «Ирония судьбы, или С лёгким паром!», «Афоня», «Зигзаг удачи», «Женитьба», «Гостья из будущего» сияқты культті фильмдердегі рөлдерімен танымал. Қазіргі таңда халық әртісі дәрігерлердің бақылауында.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды