АҚШ Иранның әскери нысандарына әуе соққыларын жасады

Бұл операция өңірдегі коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде жүзеге асырылған

АҚШ Иранның әскери нысандарына әуе соққыларын жасады
Фото: © istockphoto.com

АҚШ Әскери-әуе күштері Иранның әскери инфрақұрылымына қарсы кезекті әуе шабуылын ұйымдастырды. Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Америкалық тараптың хабарлауынша, бұл операция өңірдегі коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде жүзеге асырылды. Әуе соққылары барысында бірнеше маңызды әскери нысан жойылды. Олардың қатарында әскери барлау және байланыс жүйелері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары, ұшқышсыз пилотсыз ұшу аппараттарға арналған қоймалар, сондай-ақ теңіз миналарын жасауға арналған техникалар бар.

CENTCOM мәліметінше, бұған дейін Иранның пилотсыз аппараты Панама туымен жүзіп бара жатқан M/T Kiku мұнай танкеріне соққы берген. Ол кеменің бортында 2 миллион баррельден астам мұнай болған көрінеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иран тарапы Ормуз бұғазы арқылы Сингапур туымен өтіп бара жатқан Ever Lovely контейнер тасушы кемесіне қарсы кемінде төрт бірдей соққы беретін дрон қолданғанын мәлімдеген болатын.

Әзірге Иран билігі тарапынан АҚШ-тың бұл әуе соққыларына қатысты ресми жауап немесе мәлімдеме жасалған жоқ.