24.04.2026, 06:28
Әлем
Иранның төрт мұнай танкері Ормуз бұғазындағы блокаданы бұзып өтті
Танкерлер Чабахар портына жетіп, саны тоғызға артты
Фото: istockphoto.com
Иранға тиесілі төрт мұнай танкері Ормуз бұғазындағы АҚШ енгізген блокаданы бұзып өтіп, ислам республикасының суларына кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы спутниктік суреттерге сүйенген тәуелсіз Tankers Trackers компаниясы мәлімдеді.
«Спутниктік деректерге сәйкес, бүгін Чабахар портында Иранның тоғыз мұнай танкері тіркелді», – деп атап өтті компания өкілдері.
Айта кетейік, 21 сәуір күні бұл портта бес мұнай танкері болған.
Сондай-ақ 22 сәуірде Ормуз бұғазының жабылуына байланысты жанармай тапшылығын сезінген елдердің өтінішімен АҚШ Ресей мен Иран мұнайын теңіз арқылы жеткізуге қатысты санкцияларды жеңілдету мерзімін 30 күнге ұзартқан еді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды